Nur Otan партиясының қолдауымен айтыскерлер кеңсесі ашылды

Nur Otan партиясының қолдауымен айтыскерлер кеңсесі ашылды
Нұр-Сұлтанда «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұдан былай бас қаланың сөз зергерлері сол жақ жағалаудағы Жазушылар үйі ғимаратында алдағы жоспарларын талқылап, дайындық өткізе алады. Айтыскерлерге арналған филиал Nur Otan партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Айтулы жиынға Мәдениет қайраткері, ақын Жүрсін Ерман мен елімізге танымал айтыскерлер, зиялы қауым және Nur Otan партиясының өкілдері қатысты.