Алматыдағы қисайған үй: Құрылысты жобалау кезінде өрескел қателіктер жіберілген

/
Алматыдағы қисайған үй: Құрылысты жобалау кезінде өрескел қателіктер жіберілген
ашық дереккөзі
Алматыдағы қисайған үй: Құрылысты жобалау кезінде өрескел қателіктер жіберілген Алматыдағы Зерделі шағын ауданында қисайған үйге тексеру жүргізген Қазақ құрылыс сәулет және жобалау ғылыми зерттеу институтының мамандары жобалау кезінде бірнеше өрескел қателіктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлайды 24.kz.  Бұған дейін үйдің іргетасында құрылыс қоқыстары табылғаны хабарланған еді. Енді үйдің іргетасы мықты болу үшін топырақты нығыздайтын бөлігі жарты метрге кем екені анықталды және арық жүйелері мүлде ескерілмеген. Әкімдік бұл ғимараттың іргетасы нығайтылып, бекітіледі дейді. Қазір нысанның айналасы қоршалып, техникалар әкеліне бастады. "Үйдің қисаюына себеп болған үйдің астындағы топыраққа судың ағуы. Ол табиғи сулар, жауын, кәріз сулары соның барлығы себеп болып үйдің астындағы топырақты ылғалдандырып, оның көтеру күшін азайтты. Сондықтан үй деформация болып отыр", - дейді «Қазақ құрылыс-сәулет  және  жобалау  ҒЗИ»  АҚ  атқарушы директоры Ералы Шоқпаров.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары