Коронавирус құрбандарының саны 170-ке жетті

Коронавирус құрбандарының саны 170-ке жетті

Коронавирус құрбандарының саны 170-ке жетті
ашық дереккөзі
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 170-ке жетті. Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растады. Ал бүкіл әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 7711 адамға жеткен. Бұл туралы South China Morning Post хабарлайды. Басылымның хабарлауынша,  Қытай бойынша дерттен қаза тапқандардың көбі Хубэй провинциясынан. Коронавирустың өршуіне байланысты ДСҰ осымен екінші рет шұғыл жиналыс өткізуге мәжбүр болып отыр.