265
Алматыдағы ұшақ апаты: Екінші ұшқыштың өлімі қылмыстық іс пе?
Алматыдағы ұшақ апаты: Екінші ұшқыштың өлімі қылмыстық іс пе?

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының қайтыс болу себебін сот-медициналық сараптама анықтайды. Құқық қорғау органдары қылмыстық әрекеттерді жоққа шығарды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев хабарлады.
"Адам өлімінің кез келген фактісі бойынша қажетті сот-медициналық зерттеулері тағайындалады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшқыш апат кезінде алған жарақаттан да немесе басқа да қылмыстық факторлардан қайтыс болған жоқ. Мүмкін оның денсаулығына байланысты шығар. Мұның барлығын сот-медициналық сараптамасы көрсетеді. Ол 30 күнде дайындалады", - деді Қожаев.
Айта кетейік, апатқа ұшыраған Bek Air-дің екінші ұшқышы Миржан Мулдакуловтың қайтыс болғаны туралы 28 қаңтар күні белгілі болды. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Мулдакулов №4 Қалалық клиникалық ауруханадан үйіне 21 қаңтарда қалыпты жағдай жіберілген.