Шетелден әкелінген көліктерге мемлекеттік нөмір беріледі

Шетелден әкелінген көліктерге мемлекеттік нөмір беріледі

Шетелден әкелінген көліктерге мемлекеттік нөмір беріледі
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, оның ішінде Армения мен Қырғызстаннан әкелініп қойған көліктерге жеке мемлекеттік нөмір қолданылатынын мәлімдеді, – деп жазды zakon.kz. Мұндай көлік иелеріне тіркеуден өту үшін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына белгіленген құжаттар тізімін өткізуі қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірі, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ алғашқы тіркеу үшін төлем және мемлекеттік нөмір үшін төленген ақшаның түбіртегі. – Бұл көліктерді заңдастыруға қойылатын талаптар қарапайым. Ал утизизациялық төлем мен кедендік баж салығын төлеуге бір жыл мерзім беріледі. Ол автокөліктерге арнайы сериялы нөмірлер беріліп, тіркеу куәлігіне осы көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі қойылады, – деді министрдің орынбасары. Сонымен қатар ведомства өкілі жаңа нөмірдің үлгісін көрсетті. – Ішкі істер министрлігі үлгі ретінде сары фондағы нөмір шығарды. Бұл нөмір осы автокөліктерге беріледі. Сонымен қатар, тіркеу туралы куәлікте жарамдылық мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін деп көрсетіледі, – деп түсіндірді Қожаев.