«Астана Балет» театры Алматыға келді

«Астана Балет» театры Алматыға келді

«Астана Балет» театры Алматыға келді
ашық дереккөзі
«Астана Балет» театры үздік қойылымдары арқалап Алматыға жетті. Шығармашылық ұжымның гастролі Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы аясында өтеді. 19, 21, 22 және 23 ақпанда Абай атындағы МАОБТ сахнасында әртүрлі жанрдағы мазмұнды бағдарлама көрермен қауымына ұсынылмақ.  Бірінші күні театр ұжымы неоклассика мен заманауи хореографияны бір актілі балет арқылы көрсетеді. «Astana Ballet presents» бағдарламасына Джордж Баланчиннің «Concerto Barocco», Р.Ребектің «A Journey of Memory» және Н.Фонтенің «Love’s Lost Idols» туындылары енген. 21, 22 және 23 ақпанда «Күлше қыз» балетінің Алматыдағы премьерасы өтеді. Бұл екі қойылым да Абай атындағы МАОБТ сахнасына ыңғайланып, ықшамдалған. Десе де, көрініс авторлары балеттің бірде-бір деталі ұмыт қалмайтынын, алматылықтар бұл спектакльдің ғаламатын сезіне алатынына уәде беріп отыр. Сонымен қатар, осы сапар барысында балет әлемінде зор сұранысқа ие фотосуретші Алексей Кривцовтың фотокөрмесі өтеді. Бұл көрменің әр фотосуреті – балет ғаламаты мен бишілердің шеберлігін әспеттейтін, қазақстандық балеттің ерекшелігін, соның ішінде, әр артисті даралайтын нағыз өнер туындысы.