Назар салыңыз: бес облыста жол жабық

Назар салыңыз: бес облыста жол жабық

Назар салыңыз: бес облыста жол жабық
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, – деп хабарлайды Қазақстан ІІМ ТЖ комитеті. ҚР ТЖМ ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов елордада «Нұр-Сұлтан-Павлодар» және «Нұр-Сұлтан-Қостанай» автожолының екі учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылғанын айтты. Ақмола облысында жолдың үш учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды: Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті (Нұр-Сұлтаннан Павлодар облысының шекарасына дейін, 16-205 километр), Екатеринбург-Алматы (Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін, 856-917 километр), Екатеринбург-Алматы (Атбасардан Нұр-Сұлтанға дейін, 1007-1247 километр). Алматы облысында Үшарал-Достық (Көктұма ауылынан Достық ауылына дейін, 83-184 километр), Алматы-Өскемен (Үшарал қаласынан ШҚО шекарасына дейін, 558-615 километр) екі учаскеде қозғалыс жабылды. Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (Предгорное ауылынан РФ шекарасына дейін, 36-123 километр), Таскескен-Бақты ҚХР шекарасы (Таскескен ауылына бұрылыстан Бақты ауылына дейін, 0-183 километр), Алматы-Өскемен (Алматы облысының шекарасынан Таскескен ауылына бұрылысқа дейін, 615-683), Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай-Рахман бұлақтары (Ушановское ауылынан Серебрянск қаласына дейін, 7-66 километр), Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай-Рахман бұлақтары (Ушановское ауылынан Серебрянск қаласына дейін, 7-66 километр), (Қалбатау ауылынан Қасенов ауылына дейін, 971-1068 километр), Омбы-Майқапшағай (Семейден Қалбатау ауылына дейін, 756-906 км). Павлодар облысында Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті (Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін, 200-240 километр), Қызылорда-Павлодар (Ленин кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін 1206-135 километр) автожолдарының екі учаскесінде көлік құралдары үшін қозғалыс жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург-Алматы автожолының учаскесінде (Чистополе кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін, 832-856 шақырым) қозғалыс жабылды. ІІМ ТЖ комитеті азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, SMS-хабарлауды үнемі қадағалап отыруды және жолдағы көрінудің нашарлауына байланысты мүмкіндігінше алыс сапардан бас тартуды ұсынады. Төтенше жағдай кезінде құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз.