Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовты қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.  Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғары Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады. Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.