Ресейде қазақстандық подполковник кісі қолынан қаза тапты

Ресейде қазақстандық подполковник кісі қолынан қаза тапты

Ресейде қазақстандық подполковник кісі қолынан қаза тапты
ашық дереккөзі
244

Санкт-Петербургте Қазақстанның ІІМ өртке қарсы қызметінің 62 жастағы подполковнигі қаза тапты. Бұл туралы ресейлік басылымдар хабарлады. 

"Фонтанка" порталының ақпаратынша, қайтыс болған қазақстандық офицердің аты Вячеслав Джексенов.

Ер адамға кеше, 21 қаңтарда шабуыл жасалған. Болжам бойынша, белгісіз біреулер оған арқа тұсынан бірнеше соққы жасаған.

Джексеновты шұғыл ауруханаға жеткізген. Порталдың дерегінше, дәрігерлер зардап шегушіден бас жарақатын анықтаған. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған.

Ресейлік дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасаған. Алайда қазақстандық подполковникті аман алып қалу мүмкін болмаған. Джексенов ауруханаға жеткізілген соң бір сағаттан кейін көз жұмған.

Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ. Хабарламада қылмыс болған жерден темекі тұқылдары табылғаны айтылған. Тәртіп сақшылары оларды дәлел ретінде алған. Алайда шабуыл болған жерде ешқандай бейнебақылау камералары болмаған.

"Журналистские расследования" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, басылым Джексеновтың Қазақстанның ІІМ ТЖК-де жұмыс істегенін хабарлаған. Соңғы жылдары ол зейнеткерлік демалыста болыпты.

Ер адам 6 жыл бұрын Ресейдің солтүстік астанасына көшіп, сонда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысқан.

Серіктес жаңалықтары