264
Жапония 6G жүйесін іске қосуға 2 млрд доллар жұмсамақ
Жапония 6G жүйесін іске қосуға 2 млрд доллар жұмсамақ

Жапония 2030 жылға қарай 6G байланысын іске қосуды жоспарлап отыр, бұл жобаға 2,03 миллиард доллар жұмсамақшы.
"Популярная механика" cайтының мәліметінше, бұл байланыс түрін Ішкі істер және коммуникация министрлігі Токио университетінің ғалымдарымен бірігіп жүзеге асырмақшы. Мамандардың айтуынша, 6G жылдамдығы 5G-мен 10 есеге көп, кез келген мәліметтің жедел таралуына ықпал етеді.