297
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, – деп жазды Ақорда.
Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл), Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін («Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі, 2017 жыл) бітірген.
Еңбек өтілі:
- 1995 жылдан 2005 жылға дейін – Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;
- 2005-2006 жылдары – Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;
- 2006-2008 жылдары – Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);
- 2008-2010 жылдары – Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;
- 2010-2012 жылдары – Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы:
- 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;
- 2014 жылдан – 2016 жылға дейін – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
- 2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс министрінің (экономика және қаржы бойынша) орынбасары;
- 2019 жылдың сәуірінен соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.