826
Текеліде 4, Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді
Текеліде 4, Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Талдықорған мен Текелі қалаларының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жер сілкінісі 20 қаңтар күні сағат 11:31-де сезілді.
Жер дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықтағы, Текелі мен Руднечный елді мекендерінің арасында тіркелді.
Айта кетейік, 19 қаңтар күні Алматы қаласының тұрғындары да 3-4 балдық жер сілкінісін сезінді. Оның ошағы Алматы қаласынан 370 шақырым қашықтықтағы, Қытай елінің аумағында тіркелді.
Фото: taldykorgan-online.kz