Әлемдегі ең аласа бойлы адам қайтыс болды

Әлемдегі ең аласа бойлы адам қайтыс болды

Әлемдегі ең аласа бойлы адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
741
Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең аласа бойлы адам ретінде енген Хагендра Тапа Магар өмірден өтті. Оның жасы небары 28-де еді. Бұл  туралы рекордтар кітабының  ресми сайтында хабарланды.  Хагендра Тапа Магар 1992 жылы Непалда туған. Оның бойы 67,08 сантиметр. Тәуелсіз қозғалу қабілеті бар әлемдегі ең аласа бойлы адам ретінде танылып, 2011 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Хагендра филиппиндік Джуни Джей Балаувинге қарағанда 7 см биік, бірақ Балауинг өздігінен жүре алмайды. “Хагендра тез арада танымал болды және 2011 жылы Непалдың ерікті туризм бойынша өкілі болып тағайындалды”, - делінген хабарламада. Хагендраның достары оның соңғы кездері демікпе және жүрек ауруымен күресіп жүргенін айтады. Ол 16 қаңтарда Непалдағы Манипаль ауруханасына жатқызылған. Бір күн өткесін қайтыс болған. Енді тәуелсіз қозғала алатын әлемдегі ең кішкентай адам атағы, бойы 70,21 сантиметр колумбиялық Эдуардо Нино Эрнандеске тиесілі.

Серіктес жаңалықтары