Әкім мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны жымқырған

Әкім мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны жымқырған

Әкім мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны жымқырған
ашық дереккөзі
«Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаева 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деп айыпталуда», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Оның орынбасары мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы да күдікке ілінді. «Аудан әкімі мен оның орынбасары тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Кінәсін мойындап, күдіктінің өзі және қорғаушысы тарапынан келу туралы міндеттеме берілгендіктен мәдениет бөлімінің басшысына қатысты процессуалды тұтқындау әрекеті қолданылған жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілі. Күдіктілердің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. «Аудан әкімі орынбасарының жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында пара алу, қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша тергеу жүргізілуде», – делінген ақпаратта. 17 қаңтарда Шахмерден Рыспаев өз еркімен аудан әкімі қызметінен босатылды.