18 Қаңтар, 18:01 442 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Үлкен Алматы көлі маңында жоғалып кеткен шетелдік азамат табылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 17 қаңтарда Алматы ЖП ЖБО-на 45 жастағы Түркия азаматы өзінің машинасымен Үлкен Алматы көлі жаққа серуенге шығып, сол уақыттан бері байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бірден жоғалып кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Toyota RAV-4 маркалы автокөлігі көлдің жанындағы жолдың жиегінен есіктері жабық күйі табылды. Көліктің ішінде ешкім болмаған. Полиция қызметкерлері жоғалып кеткен адамды іздестіруді жалғастырды.

18 қаңтар күні таңғы сағат 11-де көліктен үш шақырым жерде іздеудегі адам тірі табылды.Үсік шалған белгілері бар. Полиция қызметкерлерінің жеделдігі арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды. Ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Азаматтың айтуынша, серуеннен кейін оның көлігі қалың қарда тұрып қалғаны белгілі болды. Шетелдік өз бетімен шығуға әрекет жасап көлік дөңгелегінің астына бұтақтар төсейді, қазады. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпаған ол машинадан шығып көмек іздеуге аттанған. Бірақ адасып кетеді.

Соңғы жаңалықтар