340
14 млн теңге vs 814 млн теңге: Алматы әкімдігі саннан жаңылып, жұртты адастыра жаздағанын мойындады
14 млн теңге vs 814 млн теңге: Алматы әкімдігі саннан жаңылып, жұртты адастыра жаздағанын мойындады
Кеше Zertteu Research Institute қоғамдық қорының Faсebook-тегі парақшасында жарияланған 814 миллион теңге туралы ақпарат қате болып шықты.
Әлеуметтік желіде талқыға түскен тақырыпқа орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы түсініктеме беріпті. Ол жайында Zertteu Research Institute қоғамдық қорының Faсebook-тегі парақшасында жарияланды.
«Құрметті жазылушылар! Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов басқарма қызметкерлері «Блогерлердің үлкен шоуы» лоты бойынша сатып алу жоспарын енгізу кезінде қате жазып жібергенін мәлімдеді.
Адам факторы себебінен сатып алу шарасының негізгі сомасы - 14 642 857 теңгенің алдына байқамай 8 саны қойылып кеткен.
Қазір мемлекеттік сатып алу порталында «Блогерлердің үлкен шоуы» лоты бойынша ақпарат жаңартылып жатыр.
Ренат Бекбергенов мырза қоғамның белсенді мүшелері мен «Zertteu research institute» ҚҚ мемлекеттік сатып алу жоспарындағы қатені түзеуге көмектескені үшін алғысын білдірді.
Қате ақпарат бермеу мақсатында алдыңғы постты өшірдік. Қатені уақытында түзетуге сіздердің де үлестеріңіз көп. Белсенді болғандарыңызға алғыс білдіреміз!», – делінген қордың хабарламасында.
Айта кетейік, кеше Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы «Блогерлердің үлкен шоуы» атты жас блогерлер мен вайнерлер слетін өткізуге 814 млн 642 мың теңге жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Қор өз жазбасында Мемлекеттік сатып алу порталына сілтеме жасаған. https://v3bl.goszakup.gov.kz/…/s…/2020/10505/344883/29774874
Дереккөз: aikyn.kz