Қанат Исламның бапкері боксшымен неліктен қош айтысқанын айтты

Қанат Исламның бапкері боксшымен неліктен қош айтысқанын айтты

Қанат Исламның бапкері боксшымен неліктен қош айтысқанын айтты
ашық дереккөзі
217
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты. Бұл туралы Vesti.kz жазды. «Өкінішке қарай, Қанатпен қызметімді тоқтатуыма тура келді. Уақытымның тығыздығы онымен жаттығуға көп уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі туралы дәріс оқу, сонымен бірге, фитнес-директор, қоғамдық бірлестік президенті болу және аты шыққан боксшыны жаттықтыруды қатар алып жүру мүмкін болмай кетті. Ең көп уақыт соңғысына кетеді. Осы себепті командасынан кетуіме тура келді» дейді бапкер. Айта кетейік, Багаудин Беков 2019 жылы Қанат Исламды доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) жекпе-жекте жаттықтырған.  

Серіктес жаңалықтары