Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты: Абай – парасат өлшемі

Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты: Абай – парасат өлшемі

Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты:  Абай – парасат өлшемі
ашық дереккөзі
447
Жас кезінен естігені мен оқы­ғанын ұмытпаудың үлгісін көр­сет­кен, есейгенде көр­гені мен түй­генін халқына айтып та, жазып та қалдырған ақын, ғұла­ма Абайдың өмір жолына тәуел­сіздік тұрғысынан қарау үшін бізге не жетіспейді? ХХІ ғ­а­сыр­дағы қазақ елінің тоқтамы: оқу-тоқу мен дәстүр сабақтастығы, әлемдік дең­гейдегі мұраға терең бойлау жетіспейді. Сөз түзелген­нен кейін өзін түзеу үшін әр адам­ға зейін қажет. Кішіге зеректік, үлкенге парасат ке­рек. Осыдан 107 жыл бұрын «Қазақ» га­зетінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Абай­дың асылын танып, дұрыс баға берген нәр­сесі жалғыз өлең емес, көп нәрсені Абай сөз қылған; сол сөздерінің бәрін­де де Абайдың әр нәрсенің асылын та­нығаны, білгені көрінеді», – деп, қа­зақтың бас ақынының қасиетін дәл ба­ғалаған. Яғни, әр нәрсенің асылын танып-білу – қай заманда болсын өте көкейкесті мәселе. Өзінің тарихи-тағылымды мақала­сында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұра­тына қатысты ұлттық құн­дылық­тар мен ұстанымдарды, жалпыа­дам­зат­тық әрі заманауи уәждерді ұсынды. Мұны Елбасымыз айқындаған рухани жаң­ғыру үрдісінің сабақтастығы деп қабыл­да­ған жөн. Мақаладағы өзекті ойлар жауапты да өрісті ел азаматтарын, барлық салада еңбек етіп жатқан белсенді жандар мен жаран­дарды жа­сампаздыққа, бірлік пен тағат­­ты­лыққа үндейді. Көзбояушылықтан, нау­қан­шылықтан арылуды үйретеді, әсіресе жас­тардың оң бағытта жетілуіне жол сіл­тей­ді. Осы мақаладан ой сабақтап, мы­на нақ­ты ұсыныстарды ортаға сал­ғымыз келеді: 1) «Абайдың академиялық мәтіні, тексі» деген ұғымды қалыптастыруы­мыз керек. Әйтпесе кейбір сөздерін, жекелеген ұғым­дары мен ойларын әр ға­лым әртүрлі түсін­діріп жүр. Тіпті, кере­ғар да пікірлер жас буынды адас­тыруы мүмкін. 2) Абайдың қалың оқырманға жет­кен мұра­сы мен бүгінгі күн арасы – ғасырдан ас­там уақыт. Бұрынғы өткен көсемдердің ісі, шешендердің сөзі, би­лердің шешімі Абай талғамынан өтіп, бізге жеткені – аса зор ол­жа. Сон­дықтан «аз да болса саз» дегендей, ақын шығармаларының мектепке, жал­пы қауымға, өзге тілді аудиторияға ар­налған мәтіндерін (түсінік-ком­мен­тарийімен) шығару қажет. 3) Президент «Абай – ұлттың те­мір­қа­зы­ғы» деді. Ендеше, әр сала ма­ман­дары ақын мұрасын өз саласының проб­ле­ма­ларына немесе сын-қатеріне сай зерделеуі тиіс. 4) Абайды алғыр бала, үздік шә­кірт, он бесінде ойлы азамат, жиыр­масын­да әділ би, зерек ақын, халық­шыл данышпан, ұлттың абыз ақсақалы бейнесінде анимация (бүлдіршіндер мен балаларға арнап) кейіпкері ету – азат қазақ елі өнері мен мәде­ниетінің кезек күттірмес міндеті. 5) Зайырлы қауымның жөні бөлек, Қа­зақ­стандағы медресе бағдарлама­сын­да, имам уағыздарында Абай мұра­сы лайықты орнын алуы тиіс. 6) Абайдың суреті мен бейнесін біріз­ден­діру де – уақыт талабы. Осы ретте ұлт­тық рәмізіміз сынды теңге­мізде (20 тең­ге­лік) бейнеленген танымал суретші Ағым­салы Дүзелхановтың суретін негізге алуға болар еді. Бұл сәтті бейне миллиондардың көзіне де, жүрегіне де ыстық. Енді оны тиіс­ті заңдық ережемен бекіту жағын ойластыру керек. 7) Заманында Абай да өнер-білімін пар­тия ісіне салғаны белгілі. Оның әлі жете зерттелмеген мұрасын зерделеуге біз­дегі саяси ұйымдар да атсалысса, өнер, ғылым са­ла­сындағы азаматтар­дың тәуелсіз ел ал­дын­дағы борышын бөтен іспен, дүдәмал оймен былғамай, адал атқаруына жол ашары сөзсіз. Сонда ғана өзгеден ақыл-оймен, бі­лім-пара­сатпен озу мәдениеті жетіле түсер еді. Қазіргі қоғамда Абай мұрасын оқу, қай­та пысықтау, зерделеу жас буын мен қалып­тас­қан азамат санасын сер­пілтуге әсер ете­ті­нін уақыттың өзі дә­лелдеді. Еуропа ай­татын «классика» ұғы­мының мәні де осында. Ол – қай за­манда да өнеге және пара­с­ат өлшемі. Ал Президент нұсқаған түсіндіру мен насихаттау ісіне барлық қоғамдық ұйымдар мен БАҚ, әлеуметті желілер күш біріктірсе, «жайлы жұмсақ күш­терді» орнымен пай­далансақ, іштегі та­мырларымызды, сырт­тағы әріптес-достарымызды «Абай әлеміне тарта біл­сек, елеулі нәтижеге қол жеткізер едік. Сонда ғана арзанқол телеөнімдер мен радиохабарлар, жеңіл-желпі жазбалар мен қаңқу пікірлер өздігінен азайып, тыйылары сөзсіз. Өйткені өлең сөздің патшасы, қара сөздің құ­дыреті Абай қашанда біртұтас халқын жақсылыққа бастайды.  

Серіктес жаңалықтары