Қорғаныс министрлігі Ақтөбеде құлаған зымыран сынығына қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Ақтөбеде құлаған зымыран сынығына қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Ақтөбеде құлаған зымыран сынығына қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында 9 қаңтарда Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде зымырандардың бірінің сынығы белгіленген орнынан тыс жерге құлаған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл зымыран сынығы Байғанин ауданында құлады, жарылыс болған жоқ. Оқиға 1995 жылғы екі ел арасындағы мемлекетаралық келісімге сәйкес, Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағында жалға алған полигонда орын алған. "Халық үшін еш қауіп жоқ. Ел аумағында объектілерді пайдалану арқылы зымыран ұшыру оқу-жаттығу өткізу жоспары мен кестесіне сәйкес жүргізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметтері жұмыс істеп жатыр. Құлаған сынық жергілікті полиция қызметкерлерімен қоршалды. Аталған Келісімге сәйкес оқиғаның мән-жайы мен себебін Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы анықтайтын болады", – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.