10 Қаңтар, 14:55 254 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жас дәрігерлер баспаналы болды

Сурет дереккөзден алынды
Сурет дереккөзден алынды

Жезқазғанда дәрігерлер тапшылығы мәселесі оларға ведомстволық тұрғын үй беру арқылы сәтті шешілуде. Кеше тағы сегіз жас дәрігер қоныс тойын тойлады. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мамандарға пәтер кілтін табыс етті, – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңа қоныс иелерін Қарағанды облысының әкімі құттықтады. Ол өңірде дәрігерлердің өмір сүру сапасын жақсарту дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Сіздердің жұмыстарыңыз өте күрделі әрі маңызды. Күндіз-түні дәрігерлер жүздеген адамның өмірін құтқарады. Сондықтан да өз тарапымыздан пәтер мәселесін шешуге көмек көрсетуді жалғастырамыз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім биыл өңірде 300-ге жуық дәрігер қызметтік баспана алады, – деп атап өтті. Жезқазғандағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер сатып алу және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Күзге қарай тағы 50 дәрігер қоныс тойлайды.

 

Соңғы жаңалықтар