ЖаңалықтарЖаһан

Президент зейнеткерлердің барлық несиесі кешірілетінін мәлімдеді

Моңғолияда  зейнеткерлердің барлық несиесі кешіріледі. Бұл туралы ел президенті Халтмаагийн Баттулга халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында мәлімдеді, деп жазады  centralasia.media.

«Моңғолия қауіпсіздік кеңесі зейнеткерлерге қарызынан құтылуға көмектесу үшін несиелерді жауып беретін болды», – деді Баттулга.

Заңгер, бұрынғы Әділет министрінің орынбасары Б. Энхбаяр Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мұндай мәселені шешу құзіреттілігі жоқ екенін атап өтті. Аталған сұрақтар парламент сүзгісінен өтеді.

Қазіргі уақытта Моңғолияда 380 мыңнан аса зейнеткер зейнетақы алады және жартысынан көбі несие төлейді.

Бірақ, кейбір экономистер, саясаткерлер бұл мәлімдемені сынға алып, 2020 жылдағы парламент сайлауы алдындағы популизм деп есептеп отыр.

Back to top button