Филиппинде "урсула" тайфуны салдарынан қаза болғандар саны 40-тан асты. Оннан астам адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы ABS-CBN телеарнасына сілтеме жасап Sputnik хабарлады. Құрбандардың көбі суға батып кеткен. Ал басқалары құлаған ағаштардан, автокөлік ішінде болғандықтан немесе жүрегі тоқтағаннан көз жұмған, деп хабарлады Филиппиннің апаттар қаупін азайту және тәуекелдерді басқару ұлттық кеңесінің өкілі Марк Тимбал. Бұған қоса, оның мәліметінше, оннан астам адам із-түссіз жоғалып кеткен, отызға жуық адам түрлі жарақат алған екен.
Жүктелуде...