Әуе билеттерінің күрт қымбаттағаны жалған ақпарат – Air Astana өкілі

Ведомства өкілдері дүйім елді әлеуметтік желідегі ресми емес ақпаратқа сенбеуге шақырады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде әуежай маңында кассаға кезек күткен халық көп деген ақпарат та тараған. Дегенмен, бұл да жалған дерек.

Қазіргі таңда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Алматы» арнасы.

«Бүгінгі таңда ішкі тасымалдау бағасы төмендетілген. Кеше БАҚ-та билет бағасы күрт көтерілді деген ақпар шындыққа мүлдем жанаспайды. Бізде ондай тариф те жоқ. Қазір біз бұл мәлімет қайдан шыққанын зерттеп жатырмыз», – деді Air Astana әуе компаниясының өкілі Ерболат БАЙСАЛЫҚОВ.

«Әуежай өз жұмысын бұрынғыдай атқарып жатыр. Билеттер қайтарылып жатыр. Шу көтеретіндей ештеңе жоқ», – деді Халықаралық Алматы әуежайы авиациялық қауіпсіздік бөлімінің инспекторы Ернат АТАМБЕКОВ.

Айта кетейік, Bek Air-дің 21 00 рейсінде болған жолаушылардың туыстары жүктерін Алматыдағы әуежайдың полиция бөлімшесінен алып кете алады.

Back to top button