Түрмеге телефон алып өтпек болған қоқыс шығарушы ұсталды

Ақтөбеде түзеу мекемесіне смартфонды жасырын алып кірмек болған қоқыс шығару көлігінің жүргізушісі ұсталды.
Ақтөбе облысының ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 мекемесінің қызметкерлері және Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлім қызметшілері түзеу мекемесіне 2 смартфон және оның қуаттағышын жасырын кіргізбек болған көлік жүргізушісін ұстады. Тыйым салынған заттар қоқыс шығару мақсатында түзету орнына кірмек болған «КамАЗ» автокөлігінің салонында жасырылған.
«Көлік жүргізушісі ұялы телефондарды сотталғандарға пайдалануға бермек болған. Тәркілеу актісі жасалып, заттар зерттеуге жіберілді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылық Кодекстің 481-бабы бойынша Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына құжат жіберілді», – деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button