Канадада көлік қағып кеткен қазақстандық студент мерт болды (видео)

Канаданың Торонто қаласында болған жол апатынан екі студент қайтыс болып, тағы біреуі жарақат алды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза болғандардың бірі Қазақстан азаматы. 

Олардың үшеуі де Торонтодағы Centennial College-де оқыған, деп хабарлайды Nur.kz.

«Жол апатынан зардап шеккен үш адамда – шетелдік студенттер. Олар демалыс уақытында біздің «Прогресс» кампусындағы резиденцияда болған», – деді Centennial College -дің вице-президенті Мэрилин Хери.

Оқу ордасындағылар қайғылы оқиға құрбандарының атын атамады. Алайда екеуінің қытайлық студент екені, олардың бауыр болғаны белгілі. Мекеменің хабарлауынша, үшіші зардап шегуші қазақстандық жігіт.

Global News деректерінше, жол апатынан кейін үш жігіт те дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың екеуін құтқару мүмкін болмапты. Студенттер алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Басылымның мәліметінше, марқұмдардың бірі – 19 жастағы қазақстандық Дамир Құсайын.

Үшінші зардап шегуші – 20 жастағы Қытай азаматы. Ол ауруханада, басынан алған бірнеше жарақаты бар.

Басылымның жазуынша, оқу орнының әкімшілігі қаза тапқандардың туыстарымен дүйсенбі күні, 23 желтоқсанда байланысулары керек болған.

Полиция басылымға жігіттерді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткенін хабарлаған. Болжам бойынша, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, автокөлік рөліне ие бол алмаған. Алдымен ол автобус аялдамасына соғылып, артынша жая жүргіншілерді қаққан.

Қазіргі таңда 40 жастағы жүргізуші қамауға алынған. Оған 9 пункт бойынша айып тағылған.

Back to top button