Еліміздің үш өңірінде жол жабылды

Қазақстанның үш облысында автокөлік жолдары жабылды. Бұл туралы  «QazAvtoJol» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез автожолының Кенен – Қайнар ауылдары арасындағы 158-238 шақырымдары жабылды.

Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы жолының Қарағанды – Балқаш бөлігі – 1505-1858 шақырымдары жабылды.

Сонымен бірге, Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез автожолының Жамбыл және Түркістан облыстарының шекарасында 546-593 шақырымда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

 

Back to top button