Абай болыңыз: тұман түсіп, көктайғақ болады

Республиканың бiрқатар өңiрлерiнде, атап айтқанда, Солтүстiк Қазақстан облысы, Қостанай, Түркiстан және Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.

Кешелi берi Солтүстiк Қазақстан облысында тұман түсiп, оңтүстiк-батыс желiнiң жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен болатын.

Ал бүгiн, 18 желтоқсанда Түркiстан облысының кей жерлерiнде оңтүстiк-батыс желiнiң жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетедi. Шымкентте де күн күрт суытады.

Қостанай және Қызылорда облыстарында жел тұрып, тұман түсiп, көктайғақ болады. Синоптиктердiң мәлiметiнше, онда таңғы уақытта жел тұрады.

Back to top button