Ердоған АҚШ-қа сес көрсетті

Ердоған АҚШ-қа сес көрсетті

Ердоған АҚШ-қа сес көрсетті
ашық дереккөзі
405
Түркия президенті Режеп Ердоған егер Құрама Штаттар өздеріне қатысты санкция енгізетін болса, Американы Инжирликтегі әуебазасына кіргізбейтінін айтты, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Haber телеканалына берген сұқбатында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ үшін Инжирлик пен Кюрежиктегі әуе базасын жабу мүмкіндігін айтты. АҚШ-тың әскери бюджетінде Түркияға қарсы санкция салу қарастырылған. Заң жобасын таяу арада Конргесс қабылдауы тиіс. Оның үстіне АҚШ сенаты бірінші рет Осман империясының армяндарды қырғанын ресми мойындап, геноцид деп атады. Ердоған сонымен бірге АҚШ-та, Ресей де Түркия террористер деп санайтын күрд әскерін Сирияның солтүстігінен шығара алмады дейді. Ол терроризммен Түркияның өзі күреседі деді. Түркияның күрдтер тұратын Сирия аумағына арнайы операция бастауын НАТО сынға алған. Бұл жағдайға Франция президенті Эммануэль Макрон "мидың өлуі" деп баға берген. Инжирликте АҚШ-тың басты емес, қосымша әскери ұшақтары орналасқан. Бұл Таяу Шығыстағы әскеріне керекті заттар жеткізу үшін басты рөл ойнайды.

Серіктес жаңалықтары