Волонтер болғыңыз келсе, тіркелуіңіз керек

Волонтер болғыңыз келсе, тіркелуіңіз керек

Волонтер болғыңыз келсе, тіркелуіңіз керек
ашық дереккөзі
Б және ғылым министрл Qazvolunteer.kz сайтына волонтерл қызмет көрсетуге ниетi бар жастар тiркеле алады. «Қазiр ЖОО студенттерi тiркелiп жатыр. Бiрақ, келесi жылы процесске колледж студенттерi де тартылар деген үмiттемiз», – дедi ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Жастар және отбасы iстерi комитетiнiң төрағасы Мадияр Қожахмет. Комитет төрағасы бұдан бұрын айтылған волонтерлiк қызмет мерзiмiн еңбек кiтапшасына енгiзу жұмысы да пысықталып жатқанын айтты. «Бұл – Еуропа елдерiнде кеңiнен таралған тәжiрибе. Дамыған елдерде белсендi волонтерлiк қызмет қосымша басымдыққа ие. Ел президентi волонтерлiктi дамытудың жетi бағытын атады. Сол бағыттар аясында арнайы жобалар жасалады. Мәселен, «Қамқорлық» жобасы аясында Жеңiстiң 75 жылдығы қарсаңында волонтерлердi ескерткiштердi қалпына келтiру iсiне тарту көзделген. Бұған қоса архивтердi цифрландыру iсiнiң маңызы алға шықты. Бұл бағытта да волонтерлер тобы жасақталады», – дедi ол. Мадияр Қожахмет өз сөзiнде ресейлiк мамандардың қатысуымен волонтерлiктiң халықаралық кеңесi құрылғанын айтып өттi. «Жұмыс бағыттарын айқындап алу үшiн ресейлiк әрiптестермен ауқымды үш кездесу ұйымдастырамыз. Осыдан 2 жыл бұрын Ресейде «Ерiктiлер жылы» өткен болатын», – дедi ол.