Елімізде алкоголь кесірінен ажал құшатындар көп

Елімізде алкоголь кесірінен ажал құшатындар көп

Елімізде алкоголь кесірінен ажал құшатындар көп
ашық дереккөзі
Елімізде жылына 100 мың тұрғынға шаққандағы 62 адам алкоголь ішімдіктерінің кесірінен көз жұмады. БҰҰ дүниежүзілік ұйымы сарапшыларының зерттеуіне сүйенетін болсақ, Қазақстан ішімдік салдарынан болатын өлім көрсеткішінің алғашқы ондығына кірген. Бұл тізімді Лесото королдігі бастап тұр, онда жыл сайын 100 мың адамға шаққанда 140 өлім тіркеледі екен. Алғашқы бестікке Ресей, Украина, Бурунди мен Орта Африка Республикасы кірген. Айта кетейік, әлемдегі әрбір жиырмасыншы адам ащы судың залалынан ажал құшады.