Тарақанды өз бетінше улағандар ауруханаға түсті

Тарақанды өз бетінше улағандар ауруханаға түсті

Тарақанды өз бетінше улағандар ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Алматыда тарақанды өз бетінше улаймыз деген ана мен бала ауруханаға түсті. КТК арнасының хабарлауынша, бір апта бұрын 67 жастағы Светлана Баленко мен 30 жастағы баласы ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Екеуіне жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Маринаның анасы үй ішіне жәндіктерге қарсы дәріні сеуіпті. Тарақанды жоямыз деп өздері уланып қалған. Бастапқыда ұлы, келесі күні өзі комадан бір-ақ шыққан. Анығы, улануға себепкер болған дәріні дәрігерлер қойған диагноздан кейін ғана білген. Дәрігерлер науқастар кеш келген соң, екеуінің де жағдайы ауыр деп айтып отыр. «Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Бізге олар дер кезінде жеткізілмеген. Енді жансақтау бөліміне жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратымен демалады. Тиісті ем-шара жүргізіліп жатыр», – дейді Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлмира Тойбаева. Зардап шеккендер тарақанды өлтіруге «Палач», «Пасбуд» дәрісін қолданған.