500
Шетелдік тауарларды баж салығынсыз әкелу талаптары өзгерді
Шетелдік тауарларды баж салығынсыз әкелу талаптары өзгерді
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары 200 еуроны және 31 килограмды құрайтын болады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кг құрайды.
Белгіленген нормадан асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызын құрайды, алайда1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем болмауы тиіс.
Мысалы, бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілім, жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 15%-дық) немесе жіберілімінің құны 200 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баждармен салынады.