«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды  

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды  

«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды  
ашық дереккөзі
513
VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау»  кинофестивалі жеңімпаздарды жариялады. Фестивальдің тарихында алғаш рет қысқаметражды фильмдермен  (Bastau Shorts) қатар дебюттік толықметражды (Bastau Debuts) қартиналар да бақ сынады. Аталған бағдарламаға Еуропа елдері, жақын және алыс шетелден ондаған толықметражды фильм қатысқан. Bastau Debuts толықметражды дебюттік фильмдер байқауының халықаралық қазылар алқасы құрамында ресейлік кинорежиссер, сценарист және продюсер Михаил Сегал (төраға),  киносыншы Роберто Куэто (Испания), продюсер Денис Васлин (Нидерланд), театр және кино актриса Нелли Уварова (Ресей), актер және продюсер  Фархат Абдрайымов (Қазақстан) жұмыс атқарды және жүлделерді төмендегідей үлестірді: Үздік фильмге Гран-при: «Қабірлерді қозғау» (режиссері Чон Сын-о, Оңтүстік Корея); Үздік режиссура жүлдесі: «Ыңырсу» (режиссері Доминик Сангма, Үндістан, Қытай); Қазылардың арнайы жүлдесі: «Мәриам» (режиссері Шәрипа Оразбаева, Қазақстан); Үздік ер адам ролі үшін жүлдесі: үлестірілмеді; Үздік әйел адам ролі үшін жүлдесі:
  • «Көңілден кеткен», актриса Юдита Франкович, режиссері Миха Маззини (Словения, Хорватия, Сербия);
  • «Пәк қыздар», актриса Джой Ригер (режиссері Керен Бен Рафаэль, Израиль, Франция, Бельгия);
Қазылардың арнайы аталымы: «Бәрі де анам үшін» (режиссері Малгожата Имельска, Польша). Биыл Bastau Shorts қысқаметражды фильмдер байқауына қатысуға өтінім жолдаған ұсынымдар былтырғыға қарағанда көп келіп түскен. Әлемнің 44 елінен 360 картина қатысқан. Фестивальдің халықаралық әлеуетінің артқанын осыдан байқауға болады.  width= Бұл байқаудың жеңімпаздарын төмендегі халықаралық қазылар алқасы таңдады: режиссер, сценарист, кинопродюсер Гела Баблуани (Франция), актриса Рано Шодиева (Өзбекстан), кино және театр актері Александр Пашков (Ресей) және режиссер Шәрипа Оразбаева (Қазақстан). Аталған байқаудың жүлделері төмендегідей үлестірілді: Үздік қысқаметражды деректі фильм жүлдесі: «Ауыл күйі», режиссері Әсел Сыдықова (Қырғызстан); Үздік қысқаметражды анимациялық фильм жүлдесі: «Ақыры драмаға толы», режиссері Кериха Арнэ (Латвия); Үздік қысқаметражды көркем фильм жүлдесі:  «Сатушы», режиссері Сречита Дас (Үндістан); Қазілар алқасының арнайы жүлдесі: «Дипломмен ауылға», режиссері Самғар Рахым (Қазақстан). Аталған байқаудың киноленталары әдеттегідей студенттік қазылардың жүлдесіне таласқан. Биыл оған 7-Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің Гран-при иегері Әлішер Жәдігеров төрағалық етті. Студенттік байқаудың қазылары режиссер Лаура Тамошюнайтенің (Литва) «Бақыт жанымнан өтіп бара жатқанда ұйықтап жатқам» фильмін үздік қысқаметражды фильм деп танып,  Гран-приді берді.   Ал қазылардың арнайы жүлдесі Мартинс Гаусиштің «Көжек» (Латвия) фильміне бұйырды. Айта кетелік, «Бастау» кинофестивалінде биыл сонымен қатар жаңа бағдарлама Bastau Docs - әлемнің үздік деректі фильмдеріне арналған бағдарлама ашылған болатын. Бағдарлама шеңберінде  10 елден (Иран, Қазақстан, Ресей, Норвегия, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Польша, Беларусь) 10 деректі фильм көрсетілді.  Бағдарламаны  ТМД елдері, Балтика және Скандинавия елдеріне Multimedia Promotion кинокомпаниясының Швециядағы, фильмдерді дистрибуциялау мен сатып алу жөніндегі директоры Борис Шульман жүргізді. Ораз Әбішев атындағы жүлде екі бірдей картинаға табысталды.  Бірі үздік деректі фильм деп танылған Армения режиссері Арсен Аракелянға «Айна арқылы» фильміне берілсе, екіншісі студенттік кино бағдарламасына қатысқан режиссер Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» атты деректі фильмі  үшін берілді.  

Серіктес жаңалықтары