6 Желтоқсан, 09:55 394 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әншінің өліміне қатысты қылмыстық істің жабылғанын хабарлады, деп жазады Liter.kz.

«SuperStar.kz – 2006» жобасының финалисі, «Арнау» дуэтінің бұрынғы әншісі Жанар Хамитоваға қатысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша тергеу аяқталды.

Дереккөздің хабарлауынша, іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 35-бабы негізінде тоқтатылды.

Айта кетейік, эстрада әншісі Жанар Хамитова қыркүйек айында Қарағанды облысы Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде қайтыс болған еді. Әншінің артында екі баласы қалды.

Әншінің туыстары әнші өз-өзіне қол салмағанын, үй жинап жүргенде жүрегі тоқтап қалғанын айтқан. Ата-анасы жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер Жанар Хамитованың өмірін сақтап қала алмады.

Сурет интернет желісінен алынды.

Соңғы жаңалықтар