5 Желтоқсан, 20:27 608 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Министрдің бұрынғы кеңесшісі телеарна директоры болып тағайындалды

Белгілі журналист, жазушы Мирас Мұқаш«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен  «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «Aqtóbe» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары-Қоғам Басқармасының мүшесі Ержанар Әшейхан мен Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов таныстырды.

Мирас Құлтөлеуұлы Мұқашев 1985 жылы дүниеге келген. Оразаев атындағы Халықаралық журналистика инсититуты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің теле-радио журналистика кафедрасында оқып, бітірген. Ұзақ жылдар жетекші телеарналарда еңбек етті. Атап айтқанда, еңбек жолын «Хабар» Агенттігі АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілші-редакторлығынан  бастаған. Кейін агеттіктің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы бюросының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, республикалық "7 Арна", "Нысана" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің Алматы қаласындағы тілші-редакторы,  «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас сарапшысы. «Хабар» Агенттігі Бас пиар менеджері. (ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі).

Үйленген. Екі ұлы, бір қызы бар. Қазақстан Журналистер одағының сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Ақ шағала» прозалық кітабының авторы. «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, «Қазақстанның үздік журналисі» марапатын алған.

Соңғы жаңалықтар