Өзбекстанға 10 мың тонна битум экспортталды

Өзбекстанға 10 мың тонна битум экспортталды

Өзбекстанға 10 мың тонна битум экспортталды
ашық дереккөзі
Қазақстаннан Өзбекстанға битум экспорттала бастады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» АҚ.  Қараша айындағы экспорттың көлемі 10 000 тоннаны құрады . Жол битумының алғашқы экспорты Өзбекстанға 2017 жылы 650 тонна көлемінде жөнелтілген болатын. Енді ішкі нарықтың сұранысы толығымен өтелгеннен кейін, зауыттан өнімді экспортқа шығару тұрақты негізде жүргізілуде. Бұрын кәсіпорын қысқы уақытқа жұмысын тоқтататын болса, қазір өнімге деген шетелдегі жоғары сұранысқа байланысты зауыт жыл бойына үздіксіз жұмыс істейді. Бұл битумның жоғары қосылған құнын ескергенде, кәсіпорын кірісіне едәуір ықпал етеді.