Qazaq Kurеsi-нен әлем чемпионатында 40 елдің балуандары бақ сынайды

2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Qazaq Kurеsi-нен әлем чемпионаты өтеді.

Спорттық іс-шараны Qazaq Kuresi залықаралық федерациясы ұйымдастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады. Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды. Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы Мырзабосынов Ербол тағайындалды.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады.

Back to top button