3 Қараша, 17:15 359 0 Туризм Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде тұңғыш рет туризмге арналған әуе толқыны іске қосылды

Қазақстанда тұңғыш рет туризмді дамытуға бағытталған радио трансляция Таразда іске қосылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Енді көне шаһарға келген меймандарға өңірдің туристік әлеуеті туралы ақпар әуе толқыны арқылы таратылады. Инновациялық жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Туристік ақпараттық аудиороликтер радиотолқыны арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде трансляцияланады. Осы арқылы туристер негізгі тарихи-мәдени нысандар, қонақ үйлер, шипажайлар мен тамақтанатын орындар туралы қажетті мәліметтерді біле алады. Әуе толқындарының таралу аумағы 7 шақырымды құрайды.

Алматы және Шымкент қаласынан кіреберіс қақпаларда орналасқан радиотолқындар арқылы туризм туралы жақсы ақпарат берілетін болады. Сондықтан да бұл жоба ұзақ мерзімді. Біз келесі жылы бұл жобаны әрі қарай көлемдеуге тырысамыз, - дейді облыстық туризм басқармасының басшысы, Қарлығаш Аралбекова.

Соңғы жаңалықтар