Сөз өнерінің патриархы

Сондай-ақ!

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Қ.Тоқаев: Таулы Қарабақтағы қақтығыстарды тоқтату туралы келісім – тарихи шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысуда. «Біздің бұл кездесуіміз аймақтағы және...

«Абылай ханның үш арманын орындап жатырмыз» – Елбасы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде қазақ халқы қазіргі таңда Абылай ханның үш...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді. Мемлекет басшылары...

Әр дәуірде жоғарғы марапаттарға лайық азаматтар болады, олар елі үшін еңбек етіп, сол арқылы ұлтының, мем­ле­кетінің дамуына, әлем­ге атағы аспандап, мәртебесінің көтері­луі­не зор пайдасын тигізеді. Қазақ дегенде еске түсетін сондай дегдар азаматтың бірегейі – ұлттық әдебиетіміздің классигі, аса көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Әбдіжәміл Кәрімұлы қазақ көр­кемсөзін жаңа деңгейге кө­тер­ген аса дарынды тұлға. Хат таныған күллі қазаққа ғана емес, аты да, шы­ғар­малары да алыс-жақын елдерге кеңінен танылған. «Күткен күн», «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді роман­да­ры әлденеше рет басылып шығып, дә­режесі биік әдеби сыйлықтарға ие бол­ды. Шығармалары әлемнің іргелі ел­деріне қазақ әдебиетінің қуатын танытты.

Романдары жер жүзінің 40-қа жуық тілдеріне аударылып, көп тара­лым­мен оқырмандар қолына тиген қазақ жазу­шысының өзгеше талант құдіретін аты дүниежүзіне белгілі көп­те­ген қалам­гер­лер жоғары бағалады.

Биікке биіктің көзі түседі. Қазақ қаламгерлері арасында шығармалары тұңғыш рет Нобель сыйлығына үміт­кер ретінде ұсынылған да осы Әбді­жә­міл Нұрпейісов.

Биыл Қазақстанның Халық жазу­шы­сы Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толып, қаламгер мерейтойы елімізде кең түрде аталып өтуде. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт То­қаев Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабыл­дап, оның өңіріне «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» белгісін тақты. Бұл – Мемлекет басшы­сы­ның қазақ әдебиетіне деген үлкен құр­меті еді.

«Сіз халқымызға керексіз. Сон­дық­тан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шы­ғармашылық табыс, бақ-береке тілеймін», – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қазақ қаламгерінің омырауына «Алтын жұлдыз» белгісін тағып жатып.

Өз кезегінде Әбдіжәміл Нұрпейісов те Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризалығын біл­діріп, алғыс айтты және Қазақ­стан­ды әлемнің алдыңғы қатарлы елдері қатарына қосу жолындағы істеп жат­қан еңбегіне табыс тілеп, тілек­тестігін білдірді.

Әбдіжәміл Нұрпейісов – белгілі ғалым, көрнекті қаламгер Мырзатай Жол­дасбеков айтпақшы, «Бүгіндері дү­ниелік әдебиеттің таңдаулы шебер­ле­рінің біріне айналды. Ұлттық салт-дәс­түрдің уызына жарып өскен, мәйекті тілі­мен тебірене білетін, оқырманды да тебіренте жүретін сөз зергерімен за­мандас болғанымызға мың мәрте тәу­бе айтамыз. Ағаға қарап паң­да­на­мыз! Ағаға қарап биіктейміз! Бала­дай еркелігіміз ұстайды. Шүбәсіз шындық: Әбдіжәміл Нұрпейісов кітап оқитын әрбір қазақтың жүрегінің төрінде, туған халқымен бірге жасай береді».

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды...

Туды қандай жағдайда балконға ілуге болмайды – министр тәртіпті түсіндірді

Жуырда ел тұрғындарына мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат етілген...

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды

Биыл 10-мәрте өткізілген «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды.  Биыл мына азаматтар...

Túrkistan газетінің тілшісі «Алтын тобылғы» байқауында топ жарды

Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың...

Ажырасуға бекінген ерлі-зайыпты блогерлер Instagram аккаунтын бөлісе алмай соттасуда

Мәскеу соты бұрын-соңды өз тәжірибесінде кездеспеген ажырасу процесін қарауда. Некені бұзуға өтініш...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...