14 Қазан, 15:19 285 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Министр нан бағасы қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді. 

«Нанның қымбаттауы жайлы... Менің ойымша, нан бағасы өседі. Бірақ, бұл шамалы деңгейде ғана өсуі керек. Нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу үшін біз қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады», - деді Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ол өз сөзін нақты сандармен келтірді. «Баға аймақтарға байланысты. Қазір нан бағасы 75-85 теңге шамасында. Менің болжамым бойынша, нан бағасы 80-82 теңгеге барып қалуы керек», - деді министр.

 

 

Соңғы жаңалықтар