Арыстандықтар намысты қолдан бермеді

Сондай-ақ!

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар. Бейресми дейтін себебіміз бұл елді мекеннің бой көтере бастағанына 12 жылдан асса...

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды BBC. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. ВВС Аргентинаның Todo...

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. "Үкімет заманауи мұрағат қызметінің...

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

2019 жылдың 4-12 қазан аралығында «Арыстан» мамандандырылған лицей бастығының Кубогына арналған футбол турнирі болды. 2012 жылдан бастау алған бұл футбол жарысы денешынықтыру мен спорт ойындары бойынша мемлекеттік бағдарламаны дамытуды, балалар футболын дамыту мен дәріптеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді.

«Арыстан» мамандандырылған лицей бастығының Кубогы осымен сегіз жыл бойы үздіксіз өз ойыншыларын сынға салып, шынықтырып келеді. Биыл аталған шараға Алматы қаласы мен Талғар ауданы бойынша колледждерден, жалпы білім беретін мектептерден, сонымен қатар арнаулы спорттық және әскери мектептерден, футбол клубтарынан жалпы саны 16 команда қатысты.

Турнирді «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы запастағы генерал-майор С.С.Тауланов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен адал да әділ ойын тіледі. Жарыстың ашылу салтанатына Талғар ауданының туризм мен спорт бөлімінің маманы Т.А.Собалиев қатысты.

6-9 қазан аралығында 4 топта 4 команда айналмалы жүйеде өз бақтарын сынады. Топ бойынша І мен ІІ орын иеленген үздік сегіз команда 10 қазан күні төртінші ақтық ойында жүздесті.

«Арыстан» құрамасы Қызыл Қайрат ауылының №19 мектебімен кездесіп, 6-0 есебімен жеңіске жетті. КЕАҚ РФММ мен АҚСӨК арасында болған сайыста КЕАҚ РФММ 9-2 есеппен алға шықты. Панфилов ауылының №33 мектебін арыстандықтар 14-1 көрсеткішімен бірден жеңді. Ал Тұздыбастау ауылының №31 орта мектебі 0-4 нәтижесімен «Жас ұлан» АРМ-нен жеңіліс тапты.

Ал жартылай финал кезінде Алматы қ. КЕАҚ РФММ мен «Арыстан» мамандандырылған лицейі кездесіп, табан тірескен күресте арыстандықтар 3-2 сесебімен жеңіске жетті. Ал екінші жартылай финалда «Арыстан» футбол клубы мен «Жас ұлан»АРМ арасында болған бәсекеде «жас ұландықтардың» жеңіске деген талпыныстары жеңіске жетеледі.

Финалда ІІІ пен ІV орындар үшін Алматы қ. КЕАҚ РФММ мен «Арыстан» ФК арасында өте тартымды ойын ойнатылды, нәтижесінде 3-0 есебімен арыстандық лицеистер алға озды. Ойын барысында турнирдің үшінші орын қола жүлдесі Алматы қ. КЕАҚ РФММ құрама командасына бұйырды.

І орын үшін өткен «Арыстан» футбол клубы мен «Жас ұлан» АРМ арасындағы тойтарыс кезінде арыстандықтар оқ бойы алға шығып, жеңістің тұғырына көтерілді. 2019 жылдың ІІ орын күміс жүлдесі «Жас ұлан»АРМ бұйырды.

Дүбірлі турнирге Алматы қаласы футбол федерациясының өкілдері Мусин Ербол мен Амиров Дәурен төрелік етті.

Ақтық матчтың аяқталуына байланысты турнирдің салтанатты жабылуы болып, төмендегі номинациялар бойынша жарысқа қатысушылардың ішінен үздік ойын көрсеткен футболистер анықталды:

– қақпаға 11 рет доп соғып, турнирдің үздік шабуылшысы атанған «Арыстан» лицейі командасының ойыншысы Серікбай Ерасыл марапатталды;

– нағыз шебер ойыншы деп «Жас ұлан»АРМ командасының ойыншысы Қожабеков Ерасыл танылды;

– турнирдің үздік қақпашысы номинациясын «Жас ұлан»АРМ командасының ойыншысы Савченко Артур жеңіп алды.

«Арыстан» мамандандырылған лицей бастығының Кубогы үшін болған футбол турнирінің нәтижесінде І орынды «Арыстан» мамандандырылған лицейі ұтып алып, жеңімпаз кубогына ие болды. Осылайша арыстандықтар аталған турнир тарихында үшінші рет бас жүлдегер атанып отыр. Ал І орын «Жас ұлан»АРМ командасына беріліп, медаль мен 2-орын грамотасы табысталды. Ал ІІІ орын тұғырына Алматы қ. КЕАҚ РФММ командасы шығып, медаль мен 3-орын грамотасымен марапатталды. Жүлделі орын алған командалар мен үздік ойыншаларға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Исабекова Жулдыз

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...