Ерлан Мамбетов: Бір ауданды қамтамасыз ететін деңгейге жеткіміз келеді

Сондай-ақ!

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. Бұл туралы ол Алматыдағы балаларды тәрбиелеуге арналған...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы. Осы 10 ұшақпен ұшып келген...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте оқитын 8 оқушы және мектеп жанынан ашылған шағын орталық тәрбиеленушісінен коронавирус инфекциясы...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған дейін ажалды антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған 7 адам көз жұмып, тағы 2...

Әр кезеңнің өз қозғаушы күші бар десек, бүгінгі жаңа за­манның кілтін қолына ұстаған жастар білімді, білікті әрі қа­білетті. «Жас келсе іске» демекші, кәсіптің көзін тауып, ісін өрге сүйреген жастардың саны жыл санап артып келеді. Оның үстіне елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына көзқарас жақсы. Осы тұрғыда Жастар жылы қарсаңында ұйымдас­ты­рылған «Еңбекқор жастар» жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында тұратын Ерлан Мам­бет­овпен сұхбаттасып, ашқан кәсібінің мән-жайына қанық болдық.

– «Ақбөкен» жылыжай кешені қай кезеңнен бастап жұмыс істеп келеді? Шағын кәсібіңіздің бүгінгі қарқыны қандай?

– Биыл жастар жылы қарсаңында «Zhas project» жобасына жылыжай ашу туралы идея ұсынып, жеңімпаз атандық. Қазір жобада өзімнің жолдасым, досым және оның әйелі жұмыс істейді. Жалпы 4 адам жылыжай жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Жобадан ұтқан 1 млн теңгеге Жәнібек ауданындағы Байтұрсынов кө­ше­сіндегі 1-ші үйде жылыжай аштық. Негізінен сәбіз, қызанақ, қияр, көк пияз, ук­роп сияқты көкөністер өседі. Әр адам­ның машықтанған, сүйіп істейтін ісі бо­ла­ды десек, менің қолымнан келетіні осы көкөніс өсіру, оны күтіп, баптау. Жы­лы­жай ашу идеясы да көптен бері ойымда жүрген еді. Біздің аудан Орал қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан. Аудан тұр­ғын­дары қажетті көкөністерін қаладан ба­рып алуға мәжбүр. Халықтың ары-бері жүрісі де қалтасына түсер сал­мақ екені жасырын емес. Осыны ескеріп, өнімде­рі­мізді қаладағы бағадан арзанға түсіріп, саудаға шығаруды жоспарлап отырмыз.

Одан бөлек ауылдағы әлеуметтік жағ­дайы төмен, көп балалы 8 отбасына жы­лы­жай өнімдерін, жеміс-жидектерді тегін үлестіреміз. Бұл игі бастама ай сайын дәс­түрге айналды. Аталған отбасылардың үйіне барып, бала-шағасын қуантып отырамыз. Айына бір мәрте аудандағы екі отбасын өнімімізбен қамтамасыз етеміз.

– Жылыжайдағы өнімдерді сау­даға шығару үшін кәсіп аясын кеңей­ту жоспарда бар ма?

– Жоба аяқталғаннан кейін де бас­та­ма­мызды ары қарай жалғастырсақ деген ниетіміз бар. Қазірдің өзінде көк­өніс өсіру­дің қыр-сырын меңгеріп, таң азанымен барып, кеш батқанда қайтып, кү­тіп-баптау жұмыстарына мейлінше назар аударудамыз. Жалпы айтқанда, жұ­мысы шаш етектен. Суын уақытылы мөл­шерімен құюдан бастап, ауа жіберіп тұру­ға дейін бабы көп. Қазір күздің қара суы­ғы сезіле бастағалы бері жылыжайды жылыту мәселесіне мән беріп келеміз.

Алғаш рет жылыжай дегеннің не еке­нін оңтүстіктегі Сарыағаш ауда­нын­да көр­ген едім. Сол кезде қажетті ақпа­рат­тарға қанық болып, өзімді қызық­тарған мә­селелер жайында сұрас­тырдым. Міне, енді соның пайдасы іске жарап жатыр.

– Сонда дәл қазіргі уақытта сіздер алатын өнім сатуға жіберілмейді. Тек әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамтамасыз етуге ғана жетіп отыр ма?

– «Zhas project» жобасы арқылы бірін­ші 500 мың теңге қаражат берілді. Бұл соманың ішінде 6 ай бойы жұмыс істеп отырған 4 адамға шәкіртақы қарас­ты­рыл­ған. Мысалы, жоғары оқу орнын бітірген жағ­дайда 60 мың теңге, орта білімі бар болатын болса 40 мың теңге көлемінде беріледі. Біздің топтағылардың ақшасын қосқанда жалпы 160 мың теңге көлемінде алып отырмыз. Алдағы уақытта бұл бас­тамамызды кеңейтіп, өнімді сатуға шығару үшін жеке кәсіп ашсақ деген мақсат бар. Бұл үшін мөлшері 3-4 млн теңге көлемінде ақша қажет. Сол үшін нар тәуекел жасап, несие алсақ деген ойымыз бар. Тек нәсие алу үшін кепілдік мәселесі біз үшін қиын­дау болып тұр. Бүгінгі жағ­дайда толықтай бір ауданды қамтамасыз ете алмаймыз. Сол үшін сұранысқа сәйкес арнайы жоспар құрып отырған жайымыз бар. Бәрімізге аян, қыс мезгілінде қияр мен қызанақтың бағасы тіптен аспандап кетеді. Оны қала­дан алып келу үшін жол-пұл ақшаңыз тағы бар. Сондықтан ха­лық­қа да тиімді, өзіміз үшін де пайдалы бол­мақ. Дәл қазір өнімді сатылымға шығарып отырған жоқпыз. Жоғарыда атап өткен­дей, тек көмекке мұқтаж отбасыларға береміз.

– Жастар жылы сіз үшін несімен ерекше болмақ?

– Қолынан іс келетін, бірақ мүмкіндігі жоқ жастар өте көп. Жастар жылы осын­дай азаматтардың идеяларына негіз болып, өз кәсібін бастауына мұрындық болса екен дейміз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Динара Мыңжасарқызы

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Елордалық кафелердің бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті....
Сара Назарбаева

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...