485
Алматы облысында тау басындағы 17 көл қауіпті
Алматы облысында тау басындағы 17 көл қауіпті
Алматы облысында тау басындағы 36 көлдің 17-сі қауіп тудырады. Таудағы көлдердің суын азайтып жатқан «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Бүгінде ең қауіпті деген №13-ші көлдің беті қатып қалған. Одан бөлек, тасу қатері бар 17 су қоймасында да аппараттар орнатылып, су деңгейі азайтылып жатыр, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.
Алатаудың төбесінде орналасқан 36 мореналық көлді «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері осылай тікұшақпен тұрақты аралап тұрады. Қысы-жазы қар басып жататын шыңдардың басына жиі көтеріліп, бақылап отыру олардың күнделікті жұмысы. Бүгінгі бақылауда мамандардың көлдердің қыс алдындағы жағдайымен танысты. «Таулы жерде жатқан көлдерді көзбен шолу жұмыстарын жүргізіп өттік. Көлдер қазір қысқы маусымға ауысып жатыр. Деңгейлері төмен. Ешқандай қауіп жоқ», - деді «Қазселденқорғау» ММ бөлім басшысы Ержан ҚОСБАҚОВ. Қалың қардың етегінде жатқан №13-мореналық көлдің суы тасыса, Үлкен Алматы каналы арнасына су симай қалады дейді. Қазіргі таңда көл бетіне су тартқыш аппарат орнатылып, көлемі азайтылып жатыр. Алатау бөктерінде орналасқан көлдердің ішінде Алматы тұрғындары мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандарын жиі әбігерге салатын осы №13 көл. Теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орналасқан. Жалпы мамандардың айтуынша, әзірге бұл көлден келер қауіп жоқ екен. Тау басындағы 36 көлдің 17-сі қауіп тудырады екен. Бүгінгі шолу барысында олардың біразының тартылып, бетіне мұз қатқанын байқады мамандар. Демек, сел қаупі түгелімен сейілді.