Көпбалалы отбасының әр баласына 10 мың теңгеден жәрдемақы беріледі

Көпбалалы отбасының әр баласына 10 мың теңгеден жәрдемақы беріледі

Көпбалалы отбасының әр баласына 10 мың теңгеден жәрдемақы беріледі
ашық дереккөзі
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.  «4 немесе одан да көп кәмелет жасқа толмаған баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап кепілді әлеуметтік пакет тағайындалады. Онда тұрмысы төмен отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға балалар тағамы, гигиеналық құралдар, мектеп киімдері, оқу құралдары беріледі және мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ жол жүру шығындарын өтеу қарастырылған.