Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Қазақстандық боксшы ТМД чемпионы атанды

Мәскеуде өткен титулдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай ресейлік қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» хабарлайды. 

Ғалым Шағатай жекпе-жектің екінші кезеңінде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атанды. Еске салсақ,  21 жастағы кәсіпқой боксшы Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол осы күнге дейін кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button