Гетенің еңбектері қазақша кітап болып шықты

Гетенің еңбектері қазақша кітап болып шықты

Гетенің еңбектері қазақша кітап болып шықты
ашық дереккөзі
351
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев  немістің ұлы ақыны Гётенің туғанына 270 жыл толуына арналған «Адамзаттың алып ақыны»  атты поэтикалық кешке қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ассамблеяның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шара аясында неміс халқының ұлы ақыны И.В. Гётенің «Батыс-шығыс жинағы» атты неміс және қазақ тілдеріндегі  (қазақшаға аударған Төрегелді Тұяқбай) кітабының тұсаукесері өтіп, «Гете – 270 жаста» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік жиынның негізгі мақсаты – ұлы ақынның адамгершілік өмірімен таныстыру, оның философиясын, көзқарасын, рухани мұрасын, поэтикалық шығармалары мен әндерін көпшілікке тарату болып табылады. Іс-шараға Неміс тілі орталығының басшысы Гульнара Фахрудинова,  тарих ғылымдарының докторы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті шет тілі филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Бишкенова және т.б. қатысты. Гётe – бір ұлттың ұлы болып туып, бүкіл адамзаттың тұлғасына айналған ақын, талантына әлем бас иген классик-жазушы, философ, ғалым және өз заманының ықпалды мемлекеттік қайраткері. Сондықтан да, бүгін бүкіл өркениетті әлем ұлы тұлғаның мерейтойына арналған мәдени, ғылыми іс-шаралар өткізуде. Қазақ жерінде Гётеге деген қызығушылық бұдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын туындағаны белгілі. Оның еңбектері ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мәшһүр-Жүсіптің, Медеубай Құрмановтың, қазақтың басқа да ақындарының аудармалары арқасында жан-жаққа тарап, бұқара халыққа жеткен. Гёте тұлғасына, оның шығармашылығына деген қызығушылық ешқашан тоқтаған емес»- деп атап өтті өз сөзінде Ж.Түймебаев ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен шарада.

Серіктес жаңалықтары