26 Тамыз, 19:19 202 0 Сыртқы саясат Túrkіstan International Political Weekly

Қырғызстан мен Тәжікстандағы елшілер тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды.

"Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Осы қызметті атқарған Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

"Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Получить короткую ссылку

Соңғы жаңалықтар