23 Тамыз, 15:56 296 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 24-26 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарында найзағаймен жаңбыр және көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25…35°С дейін жоғарылауы болжанады», делінген хабарламада.

Тэгтер Қазгидромет

Соңғы жаңалықтар