Созақтық қауын-қарбыз шекара асады

Созақтық қауын-қарбыз шекара асады

Созақтық қауын-қарбыз шекара асады
ашық дереккөзі
Түркістан облысы, Созақ ауданының бағбандары қауын-қарбыздарын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Шаруа қожалықтары бірігіп, 600 тоннадан астам өнімді Ресейге саудалама. Диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін егіп, оның 40 гектарына қауын өсірді. Қалған 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған. Айта кетейік, оңтүстік өңірінің теріскейі саналатын ауданда бақша өнімдерін өсіру енді ғана қолға алынып келеді. Қысы қатал болатын өңірде тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Түйе бағып, оның сүтін өндіреді. Ал бау-бақша ұстап, одан өнім алуды Созақ ауылының шаруалары ғана жүзеге асыруда. Аталған ауылда 2020 жылға тағы 3 шаруа қожалығы бақша өнімдерін өсірмек. Өйткені дайын өнімге жергілікті тұрғындардан да сұраныс артқан. Еске салайық, созақтық бағбандар өткен жылы да қауын-қарбыздарын экспортқа шығарған болатын. Сөйтіп мол табысқа кенелген.