Айнұр Тұрсынбаева студент атанды

Айнұр Тұрсынбаева студент атанды

Айнұр Тұрсынбаева студент атанды
ашық дереккөзі
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Мәскеудегі оқу орнының магистранты атанды. Бұл туралы ақын Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.  "Ал құттықтап қойыңыздар. Бүгіннен бастап Москва психоанализ институтының магистр-студентімін. Бұл жерде менің атақ-абыройыма қарамайды, ақшамен тірлік бітіру деген жоқ!", - дейді айтыскер. Ақынның айтуынша, ол сырттай оқиды. Сабақты онлайн оқып отырып, ай сайын есеп беріп отырады екен. Бағыты - коучинг және жеке консультация. "Отбасылық тақырыптарды қосымша сабақ ретінде оқимын. Бұйырса сіздердің игіліктеріңіз үшін еңбек ететін боламын", - дейді Айнұр Тұрсынбаева. Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева айтыста алғаш рет 1991 жылы Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық ақындар сайысында көзге түскен. Кейін Төле бидің 330 жылдық мерейтойында екінші орынды жеңіп алған. 1994 жылы Семейде өткен қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдені иеленді. Ал Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысында жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына арналған ақындардың республикалық айтысында 2-орынды иеленген. Бұған дейін барлығы 34 көлік ұтқан.